Алматы көшелеріндегі қарды күреуге 400-ден астам техника шықты

508

Бүгін таңнан бері Алматыда қар жауып жатыр. Қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы қар күреу жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Алматы көшелеріндегі қарды күреуге 400-ден астам техника шықты Фото: gov.kz

Басқарманың хабарлауынша, қар жауа бастаған сәттен бастап көктайғақтың алдын алу үшін жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр. Қазірдің өзінде 152 тонна құм жолдарға төгілген.

Сонымен қатар жалпы аумақтарды, тротуарларды, велосипед жолдарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, биік және жерасты өткелдерінде қар күреліп жатыр. Барлығы 467 арнайы техника мен 1094 жол жұмысшы жұмылдырылған. Аудан әкімдіктерінде қар күреу өндірісін бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша, қар кешке дейін жауады. 10-12 желтоқсан аралығында жауын-шашын болмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу