"Алматы қаласында бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыру деңгейі еліміздің басқа өңірлерімен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Мемлекет қатысатын жобалар бойынша 30,7 мың бейнекамера жұмыс істейді. Коммерциялық ұйымдарда бейнебақылау жүйелерін ескерсек, Алматы қаласындағы камералар саны 128 мыңнан асады.
Коммерциялық объектілердің 128 мың камераға дейінгі бейнебақылау жүйелерін пайдалану есебінен бейнебақылау жүйелерімен қамту едәуір кеңейтілуі мүмкін, бұл мемлекеттік жүйелердің көлемінен 4 еседен асады", – деді спикер.
Коммерциялық объектілердің бейнекамералары азаматтар көп жиналатын жерлерде және кіру топтарында ғана қосылатын болады.
Бизнес-құрылымдардың камераларынан бейне ағындарды пайдаланудың заңды негізін құру мақсатында "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізілді, бұл деректерді беру арналары үшін ақы төленген жағдайда, бизнес камераларынан бейне ағындарды өтеусіз негізде жинауға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты "Алматы қаласында меншік иелерінің келісімі болған кезде азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" мәслихат шешімінің жобасы (бұдан әрі - Қағидалар) әзірленді.
Әзірленген қағидалар жобасы "Ашық НҚА" интернет-порталында жария талқылаудан өтті. ҰҚК, ІІМ, ЦДИАӨМ жауаптары алынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізілді.