Электр энергиясын беруде іркілістің болуынан Алматы қаласы полициясы қызметкерлері мегополистегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды полиция баспасөз қызметі.
Бағдаршам нысандарында тоқ болмауынан, қазіргі уақытта қиылыстарда қолмен реттеу үшін жол-патруль полициясы мен ӘПБ батальонының 600 қызметкері жұмыс істеуде.
Алматы жолдарындағы жағдай тұрақты, кептеліс жоқ, жол-көлік оқиғасы тіркелген жоқ.
Қаладағы жол жағдайын шұғыл басқару орталығының операторлары видеожүйе арқылы тексеріп отыр.
Еске салар болсақ, қаланың бірқатар ауданында электр жарығы сағат 14.30- да өшіп қалған. Оған "АлЭС" АҚ 2-ЖЭО-дағы техникалық бұзылу себеп болған.