Алматы көшелеріне жаңа автобустар шықты

1158

121-бағыттың паркі 100 пайыз жаңартылды.

Алматы көшелеріне жаңа автобустар шықты

"Алматыэлектротранс" ЖШС жаңа Zhongtong автобустарының кезекті легін алды. Олар көп күттірмей, жолаушыларға "қызмет етуге" кірісіп кетті.

Әкімдік тұрғындардан түскен өтініштер бойынша 121-бағыттың паркі 100 пайызға жаңарғанын, 18 жоспарлы көлік бірлігі бағыт бойынша қозғалып, ал 2-і резервте тұратындығын хабарлады.

"Мемлекеттік тіркеуден өтіп, "Оңай" қондырғысы орнатылған соң автобустар жұмыс істеуге дайын болады. Автобустар табиғи газбен жүреді (CNG), кондиционер және видеобақылау орнатылған. Сыйымдылығы – 104 адам, отыратын 22 орын және қимылы шектеулі жандар үшін 3 орын бар",– дейді қалалық әкімдіктен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу