Алматы көшелерінен үш мың текше метрден астам қар шығарылды

334

Түнгі кезеңде 12 желтоқсаннан 13 желтоқсанға дейін қардың салдарын жою жұмыстары жалғасты. 

Алматы көшелерінен үш мың текше метрден астам қар шығарылды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында жолдардың қауіпті учаскелерінде, көлік айрықтарының съездерінде түнде 32 тонна көктайғаққа қарсы материалдар себілді. Тротуарларды, жалпы пайдалану орындарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті өткелдерін тазалау жұмыстары жалғастырылды, деп жазады inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Түнгі кезеңде жол полициясының патрульдік машиналарының еріп жүруімен қарды сыпырып, жинайтын машиналардың 17 колоннасы ұйымдастырылды.

Магистральдық көшелерден қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Түнде 1947 м3, қар жауғаннан бері барлығы 3027 м3 қар шығарылды.

44 жедел патрульдік бригада, 421 бірлік арнайы техника, оның ішінде 165 құм таратқыш, 481 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша 16 желтоқсанға дейін жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы 13 желтоқсанда түстен кейін минус -18-20 градус аяз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу