Осы жұмыс аясында қала билігі көлік жүргізушілеріне Райымбек даңғылындағы автобус жолағымен көлік көп жүретін уақыттан тыс кезде жүруге рұқсат берді.
Алматы қалалық мобильділік басқармасының хабарлауынша Райымбек даңғылы бойымен Сайын көшесінен Яссауи көшесіне дейін шығыс және батыс бағытта қоғамдық көлікке берілген жолақта жүруге рұқсат берілген. "Қоғамдық көлікке арналған жолақ" 5.9 ақпараттық-көрсеткіш белгісіне қосымша "Әрекет мерзімі" 7.5.6 қосымша ақпарат белгісі (7:30-9:30 және 17:00-20:00) орнатылған.
Сәйкесінше, жол бойындағы фото және бейне жазба камераларына да қайта баптау жасалады.