Алматы көшелерінің бірінде белгісіз жалаңаш әйелдің денесі табылды

202

Оқиғаға байланысты Алматы полиция департаменті пікір білдірді. 

Алматы көшелерінің бірінде белгісіз жалаңаш әйелдің денесі табылды Фото: Дина Таңсәрі

Алматыда Наурызбай ауданының тұрғындары жалаңаш әйелдің денесін тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі желіде бөісті. 

"Таусамалы ауылы, "Монтажник" СО-да 15 маусымда бірнеше полиция көлігі келді. Бұл жерде жас әйелдің денесі табылды. Ол киімсіз жалаңаш болды", - делінген жазбада

Қоғам белсендісі тұрғындардың шошынып жатқанын жеткізді. 

"Біреу өлтіріп, мәйітті лақтыруға келген сияқты", "Камералар бар, денені тастағандарды табуға болады", "Балалар көріп, қорқып кетті", – деген жұртшылық.

Оқиғаға байланысты Алматы полиция департаменті пікір білдірді.

"Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде. Басқа жағдайлар анықталуда", - деп хабарлады полиция. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу