Алматыда көше қиылыстарының бірінде көлік қозғалысы уақытша жабылады. Оған кабель желілерін қалпына келтіру алаңындағы жөндеу жұмыстары себеп болып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Алматы жылу желілері" ЖШС таратқан ақпаратқа сүйенсек, Алматыда Алтынсарин даңғылы мен Қуанышбаев көшесінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша жабылады.
"2023 жылғы 23 желтоқсанда сағат 23.00-ден 24 желтоқсан күні сағат 11.00-ге дейін Алматы қаласының Әуезов ауданында Алтынсарин даңғылы мен Қуанышбаев көшесінің қиылысында автокөлік қозғалысы жабылады", – делінген хабарламада.
Көшенің осы сегменті жүріс бөлігінің астында жатқан кабель желілерін реконструкциялау учаскесінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.
"Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және осы учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз", – дейді "Алматы жылу желілері" ЖШС өкілдері.