Алматы көшелерінің біріне Денис Теннің есімі берілмек

910

Алматы қаласында ресми атауы жоқ 156 көшеге жаңа атау берілмек.  

Алматы көшелерінің біріне Денис Теннің есімі берілмек Фото: olympic.kz

Бұл туралы ұсынысты қала әкімдігі дайындап, мәслихаттың қарауына жолданды деп жазады inbusiness.kz сайты Krisha.kz порталына сілтеме жасап.

Ұсынылған атаулар қатарында 2018 жылы қаза тапқан қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің есімін беру ұсынылған.

Сондай-ақ көшелерге мынадай тұлғалардың есімдері берілуі мүмкін:

  1. Хо Ши Мин – вьетнамдық революционер әрі саяси қайраткер;
  2. Наталья Сац – әлемдегі алғашқы балаларға арналған музыкалық театрдың негізін қалаушы;
  3. Әбдуәли Қайдаров – қазақ тілін зерттеген танымал түркітанушы, ғалым.

Бұдан бөлек Алматыда Мұнара, Сарқырама, Құлын, Абыз, Сұңқар, Құдірет деген көшелер пайда болуы мүмкін.

Көше атауларын бекіту мәселесі тұрғындармен талқыланып, мәслихат депутаттарының қарауынан кейін сессия талқылауына шығарылып, соңғы шешім қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу