Алматы көшесінде пышақпен жүрген ер адам ауруханаға жатқызылды

162

Оның арнайы медициналық есепте тұрғаны анықталды.  

Алматы көшесінде пышақпен жүрген ер адам ауруханаға жатқызылды Фото: pexels.com

Алматының Бостандық ауданында көшеде пышақ ұстап жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Желі қолданушысы белгісіз ер адамның қолына пышақ алып, көшеде еркін жүргенін жазды. Тұрғындардың айтуынша, ол айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндірген.

Алматы қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, 30 тамызда "102" пультіне көшеде пышақ ұстап жүрген ер адам туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына дереу полиция экипажы жіберілген.

"Оқиға орнына жеткен қызметкерлер ақпаратты растап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Ер адам ұсталып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Оның Психикалық денсаулық орталығында есепте тұрғаны анықталып, кейін мамандандырылған медициналық мекемеге жатқызылды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу