Алматыдан Қостанайға рейс жасаған ұшақ бортында бір ер адам көз жұмды. Бұл туралы ҚР ІІМ өкілі Ляззат Қасымжанова хабарлады.
9 қыркүйек күні сағат 17.34-те Қостанай станциясының полиция бөлімшесіне осы рейсте жолаушының қайтыс болғандығы туралы ақпарат түскен.
"Алдын ала мәлімет бойынша жолаушының өліміне оның созылмалы ауруы себеп болды. Осы орайда сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр", – деді Қасымжанова.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу