"Тальго" 600-ден аса жолаушыны тасымалдауға қауқарлы, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2025 жылдың 16 желтоқсанынан бастап "Жолаушылар тасымалы" АҚ №119/120 "Алматы – Қостанай" бағытындағы жаңа "Тальго" пойызын іске қосады. Құрам заманауи "Тальго" вагондарынан толық жасақталған. Бұл шешім пойыздың жүріс уақытын стандартты пойыздарға қарағанда 12 сағатқа қысқартуға мүмкіндік береді.
Бағыт Қостанай, Тобыл, Атбасар, Астана, Қарағанды және Алматы сияқты ірі қалалар арқылы өтеді.
– Бұл шешім елдің оңтүстік пен солтүстік өңірлер арасындағы көлік қолжетімділігін күшейтіп, қысқы маусымда жолаушылар үшін жол жүруді едәуір қолайлы етеді.
Билеттер bilet.railways.kz ресми сайтында және барлық теміржол вокзалдарының билет кассаларында қолжетімді. Қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне тегін қоңырау шалуға болады. Пойыздардың нақты келу және жөнелту уақыты туралы ақпаратты сайтындағы онлайн-табло арқылы қарауға мүмкіндік бар, – деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Бағытта заманауи Тальго вагондары пайдаланылады. Олар сапардың қауіпсіздігін және жол үстіндегі жайлылықты толық қамтамасыз етеді.
Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы бейімделген орындар бөлінген, билет құнына 50%-ға дейін жеңілдік қарастырылған.