"Almaty Kuat" ЖШС директоры 6.5 жылға сотталды

371

Оған алаяқтық және аса ірі көлемде қаржыны заңдастыру (жылыстату) фактісі бойынша тергеу жүргізілді

"Almaty Kuat" ЖШС директоры 6.5 жылға сотталды Фото: google.com

"Almaty Kuat" ЖШС директорына қатысты алаяқтық және аса ірі көлемде қаржыны заңдастыру (жылыстату) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, ЖШС директоры Алматы қаласының индустриалды аймағынақатысушы 10-нан астам шаруашылық жүргізуші субъектілерімен электр энергиясын жеткізу шартын жасасып, электр энергиясын тұтынушыларды, сондай-ақ өндіруші және жеткізуші ұйымдарды алаяқтық жолмен электр энергиясын тұтынғаны үшін төлем шоттарын жазып, екі жыл бойы кәсіпкерлер электр энергиясы үшін негізсіз ақы төлеп келгені анықталды.

Осылайша ол жалпы сомасы 620 млн теңгеден астам шығын келтірген.

Одан әрі жедел-іздестіру шаралары барысында жоғарыда аталған ЖШС директорының мәмілелер арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражаттарды заңды айналымға түсіргені анықталды.

Сот үкімімен ЖШС директоры кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу