Almaty Arena көпфункционалды кешенінде өткен күрес түрлерінен Қазақстан Республикасының Кубогында Алматы құрамасы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Турнирге еліміздің барлық өңірінен үздік спортшылар қатысып, алматылық балуандар жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
Грек-рим күресінде 87 келіге дейінгі салмақта Шамиль Ожаев алтын медаль жеңіп алса, 63 келіге дейінгі салмақта Еркебұлан Ардақов қола жүлдегер атанды.
Әйелдер күресінде Айнұр Әшімова, Жаңыл Бекен және Жәмилә Бақбергенова чемпион атанып, Алматы қоржынына үш алтын медаль салды. Сонымен қатар команда бір күміс және бір қола медаль иеленді.
Еркін күресте Нұрқожа Қайпанов, Санжар Досжанов және Ерхан Әбіл Қазақстан Кубогының жеңімпазы болды.
Сондай-ақ алматылық спортшылар турнирдің күміс және қола жүлделерін де жеңіп алды.