Алматы қуыршақ театры "Үздік ансамбль" атанды

208

Павлодардағы фестивальде "Шекпен" спектаклі жоғары бағаланды.  

Алматы қуыршақ театры "Үздік ансамбль" атанды Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматының Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры Павлодарда өткен "Ертіс-Баян" II республикалық театрлар фестивалінде "Үздік ансамбль" номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

25-30 қыркүйек аралығында ұйымдастырылған фестивальге еліміздің әр өңірінен 11 театр ұжымы қатысты. Алматы қаласының атынан Николай Гогольдің шығармасы желісімен сахналанған "Шекпен" спектаклі ұсынылды.

Қазылар алқасы қойылымдағы актерлердің үйлесімді өнерін, қуыршақ жүргізу және актерлік шеберлігін, хореографиясын, сондай-ақ спектакльдің көркемдік безендірілуі, жарық пен дыбыс шешімдерін жоғары бағалаған.

"Шекпен" спектаклін 2024 жылы грузиялық режиссер Николоз Сабашвили сахналаған. Қойылымда буллинг, әділетсіздік және ішкі қайшылықтар тақырыптары қозғалып, мейірімділік, қолдау мен жанашырлықтың маңызы көрсетіледі.

Айта кетейік, бұған дейін "Шекпен" спектаклі "Сыншылар сыйлығына" ие болып, "Қуыршақ театрының жыл спектаклі" атанған. Сондай-ақ қойылым "Ортеке" фестивалінде Бас жүлдені жеңіп алған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу