Алматы қылмыс деңгейі 47,5%-ға төмендеген

509

Алматы қаласының Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов биылғы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қалада барлық бағыттар бойынша қылмыстың 47,5%-ға азайғанын хабарлады.  

Алматы қылмыс деңгейі 47,5%-ға төмендеген

"Биылғы жылдың 10 айы бойынша қалада қылмыс саны барлық бағытта 47,5%-ға азайды. Атап айтқанда, қарақшылық шабуыл – 2 есеге, зорлау – 2,1 есеге, тонау – 2,2 есе, ұрлық – 2,4 есе, пәтер ұрлығы – 3 есе, көлік ұрлығы 2,6 есе, көлік ішінен ұрлау фактісі – 37,5 есе, көлік қапталындағы айналардың ұрлануы – 2,5 есе, бұзақылық – 2,1 есе, алаяқтық – 22,5 есеге төмендеді. Сондай-ақ қоғамдық орындарда орын алатын құқық бұзушылық 2,9 есеге, көшелерде 3,5 есеге, кәмелеттік жасқа толмағандар жасаған құқық бұзушылық – 35,3%-ға, отбасылық тұрмыстық салада қылмыс 32,4%-ға азайды", –  деді Қанат Таймерденов.

Сонымен бірге қылмыстық құқық бұзушылық бойынша жалпы қылмыстардың ашылу көрсеткіші барлық бағыттар бойынша 11,6%-ға жақсарған.

 Қарулы қарақшылық шабуыл – 6,6%;

 Бөтеннің мүлкін ұрлау – 6,9%;

 Пәтер тонау – 12,6%;

 Тонау – 19,9%;

 Өзгенің көлік құралдарын ұрлық ниетінсіз иемдену – 5,6%;

 Бұзақылық –  13,6%;

  Алаяқтық – 6,7%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу