Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделене бастады. Қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн брифинг барысынла осылай деп мәлімдеді, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.
"Алматы "қызыл" аймаққа кірді. Мұның басты себебі ауа райының жылынуымен қалалық және қала маңындағы тұрғындардың әлеуметтік байланыстарының артуы. Коронавирусты қала тұрғындарының 22%-ы сауда объектілері мен 18%-ы қоғамдық көліктерде жұқтырған. Сонымен қатар отбасылық іс-шараларда жұқтыру көрсеткіші 3%-ға жетті. Бұған дейін – 0,2% болатын", – деді спикер.
Бұған қоса Алматыда оқушылар арасында коронавирус жұқтыру көрсеткіші артқан.
"14 жасқа дейінгі балалардың ауру жұқтыруы 22,4% - ға артты. Соңғы 7 күнде 138-ден 169 жағдайға дейін тіркелді", – деді Әсел Қалықова.
Құралай Құдайберген