Алматы "қызыл" аймаққа енуіне байланысты карантин күшейтіледі

1175

Өзгерістер бес күннің ішінде енгізіледі.  

Алматы "қызыл" аймаққа енуіне байланысты карантин күшейтіледі

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Сәдуақас Байғабылов алдағы уақытта қалада карантиндік шаралардың күшейтілетінін мәлімдеді, деп жазды Inbusiness.kz.

Спикердің айтуынша "омикрон" штамының айналымы артып, Алматы "қызыл" аймаққа көшкенін айтты. Қаулыға сәйкес, қалада карантин шаралары бес күн ішінде күшейтіледі.

"Әрине, бұл Алматы қаласында болған соңғы оқиғалар аясында кәсіпкерлер мен азаматтарға қосымша ауыртпалық салады. Бірақ коронавирус ешқайда кеткен жоқ", – деді Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің міндетін атқарушы.

Жоспарланған карантиндік шектеулерді енгізу күні туралы толығырақ ақпарат кейінірек жарияланады.

Еске сала кетсек, Алматы мен Атырау облысы коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа кірді.

Құралай Құдайберген

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу