Алматының бас санитар дәрігері қаланың "қызыл" аймақта екенін, бірақ шектеулер әлі де "қою қызыл" аймақ талаптарына сәйкес екенін ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Қазір қала "қызыл" аймақта, бірақ біз "қара қызыл аймақ талаптары бойынша жұмыс істеп жатырмыз, себебі Алматы үлкен бұл мегаполис. Халық тығыз орналасқан, көші-қон деңгейі жоғары, науқастардың 30% дейін басқа өңірлерден келгенден. Соның ішінде қала маңында тұратындар. Олардың барлығы біздің медициналық ұйымдарда ем қабылдауда", – деді Жандарбек Бекшин өзінің Инстаграм желісіндегі ресми парақшасында.
Айтуынша, бүгінгі күннің басты міндеті – қажетті иммундық қабатты құру. Себебі мегаполисте эпидахуал күрделі.
"Егер біз тұрғындардың вакцинациямен қамтылуын 70-80%-ға жеткізсек, онда біз шектеу шараларын біртіндеп алып тастай аламыз", – деді Алматы қаласының бас санитар дәрігері.