Алматы "қызыл" аймақта: науқастар саны күрт артты

972

Алматыдағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай соңғы 4 тәулікте күрт нашарлады, шаһарда күніне 125-132 жағдай тіркелді. Онлайн брифинг барысында мегаполистің бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин осылай деп мәлімдеді. 

Алматы "қызыл" аймақта: науқастар саны күрт артты

Оның мәліметінше пандемия басталғалы бері Алматы қаласында коронавирус инфекциясын 21547 адам жұқтырса, 1662 адамнан пневмониясы анықталды. 

"Қаңтар айының 26 күнінде 3026 індет және 237 пневмония жұқтыру жағдайы тіркелді. Алматы қаласының "қызыл" аймаққа енуін түсіндіріп өткен де жөн. Кез келген жұқпалы аурудың эпидемиологиялық процесі толқын тәрізді ағымға ие. COVID-19 эпидемиясы да осы заңдылыққа бағынады. Алматыда эпидемия басталғаннан бері наурыз – сәуір айларында алғашқы толқын басталды, шілде айында 6 мыңнан астам жағдай тіркеліп толқынның шыңына жетті, қыркүйек айында 165 жағдайға дейін төмендеді. Қазан айынан бастап (366 жағдай) қазіргі уақытта сол аурудың өсуі басталды, яғни, екінші толқын жалғасуда",- деді Жандарбек Бекшин. 

Сонымен қатар, шаһардың бас мемлекеттік санитар дәрігері 31 желтоқасаннан бастап коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсе бастағанын жеткізді.

"Алматыда соңғы 4 тәулікте эпид ахуал нашарлады. Күніне 125-132 жағдай тіркелуде. Науқастардың көбі, 40%-ы індетті қоғамдық орындарда, 20%-ы қоғамдық көлікте жұқтырғаны анықталды. Бұған қоса коронавирусты отбасылық іс-шараларда және кинотеатрлар мен театрларға барған кезде жұқтырған жағдайлар тіркелген",- деді Жандарбек Бекшин.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу