Алматы мәйітханасының директоры пара алғаны үшін 8 жылға сотталды

918

Оған делдал компания өкілінен 14 млн теңге пара алды, мемлекеттік сатып алу бойынша бөлінген 4,5 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды. 

Алматы мәйітханасының директоры пара алғаны үшін 8 жылға сотталды

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 соты қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының "Қалалық патологоанатомиялық бюро" коммуналдық кәсіпорны директорын 8 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды inbusiness.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне сілтеме жасап.

"Оған коронавирустық инфекциямен күресу шаралары аясында мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға жеткізілген медициналық және басқа жабдықтарды қабылдау-тапсыру актілерін кедергісіз келіскені үшін жеке компания өкілінен делдал арқылы 14 млн теңге пара алды деген айып тағылды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметтері бойынша, ол 2020 жылдың қаңтарынан қыркүйек айына дейін "Veritas Primus" ЖШС коммерциялық ұйымының нақты басшысы бола отырып, қаржы-шаруашылық қызметке заңсыз қатысқан. Бұған қоса "Veritas Primus" ЖШС мен "Қалалық патологоанатомиялық бюро" арасында мемлекеттік сатып алу келісімі негізінде биологиялық қалдықтарды тасымалдау бойынша бөлінген 4,5 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырған.

Сот шешімімен айыпталушы өмір бойына мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу