Алматы трансформатор жарылып, бірнеше аудан жарықсыз қалды

Оқиға Әуезов ауданында Сайран көлінің маңында тіркелген.  

Алматы трансформатор жарылып, бірнеше аудан жарықсыз қалды Фото: Видеодан скриншот

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті жарылыс себебін трансформатордың өртенуімен байланыстырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар департаменті 08:53-те Өтеген батыр көшесі, 76-үйдің маңында трансформатор жанып жатқаны туралы хабарлама түскенін мәлім етті.

Оқыс оқиғаға өрт сөндіру бөлімдері жедел жетіп, трансформатор подстанциясында 0,2 шаршы метр аумақ өртеніп жатқанын анықтаған. Сол себепті, электр желісі қызметкерлері нысанды тоқтан ажыратып отыр.

Өрт орнына 9 құтқарушының барғаны жайлы ақпарат кездеседі. Олар қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, тілсіз жаумен алысып жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті қазіргі уақытта ашық жалынның жоқтығын хабарлады.

Зардап шеккендер жоқ. Мамандар жағдайды толық бақылауда ұстап отыр. Жарықтың қашан толық қалпына келетіні әзірге белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу