Алматы-Маңғыстау пойызында төбелес болды

419

Алматы-Маңғыстау бағытындағы пойызда жанжал пойыз бастығы мен 37 жастағы жолаушы арасында туындаған.  

Алматы-Маңғыстау пойызында төбелес болды Фото: Видеодан скриншот

Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҚК 389-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Сондай-ақ, қылмыстық істі Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімі тергеп жатыр.

Бастапқы тексеру нәтижелері бойынша 37 жастағы жолаушы ҚР ӘҚБтК-нің қоғамдық орында сауда жасағаны үшін 204-баппен және ұсақ бұзақылық үшін 434- бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, пойыз бастығына қатысты да ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу