Алматы маңында 3 жасар қыз бір айдан бері табылмай жатыр

200

Үш жасар баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.  

Алматы маңында 3 жасар қыз бір айдан бері табылмай жатыр Фото: Алматы облысы ПД

Алматы облысында 3 жасар қызды іздеу жұмыстары тура бір айдан бері жүріп жатыр, - деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі мәліметінше, іздестіру шарасы барысында жақын маңдағы су қоймасынан суды ағызуға тура келген. Алайда ол жерден ешқандай із табылмады.

"Безымянный тоғанындағы су 2 метрге дейін төмендетілді, алайда табылмады. Облыстық ішкі істер департаменті мен Еңбекшіқазақ ауданының ішкі істер департаменті Күш ауылына жақын Ақши, Қырбалтабай және Балтабай ауылдарының тұрғындарын сұрастырған. Бұл іздестіру жұмыстары да оң нәтиже бермеді. Қыз әлі табылмады", - деді аудан әкімдігі өкілі.

Үш жасар баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. 

Еске салайық, бұған дейін бала 17 наурызда түстен кейін Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында жоғалып кеткені хабарланды. Қыздың анасы полицияға кешке хабарласқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу