Алматы қаласының іргесінде орналасқан "Алтын Орда" базарынан өрт шықты, деп хабарлайды Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
"30 маусым күні сағат 16:23-те Қарасай ауданы, Алматы-Ташкент автожолының 15-шақырымында орналасқан "Алтын Орда" базарында асхана өртеніп жатқандығы жөнінде хабарлама түсті. Қызыл жалынның таралуы сағат 17:00-де тоқтатылып, 17:33-те толығымен сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша, тілсіз жау 240 шаршы метр жерді (асхананың аумағы және металдыпластиктен жасалған сауда павильондары) шарпыған. Өрттің шығу себебі анықталуда", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу