Алматы облысында теміржол өткелінде автобус пен пойыз соқтығысып, салдарынан алты адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, Алматы – Боралдай – Шамалған станциясы бағытындағы автожолдағы теміржол өткелінде жол ережесін бұзған маршруттық автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, көмір станциясынан шыққан пойыз өткел арқылы қозғалып келе жатқан. Маршруттық автобустың жүргізушісі жол бермей, соқтығысуға жол берген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу