Алматы маңында бірқатар елді мекен жарықсыз қалды

430

Қазіргі уақытта "Алатау жарық компаниясы" АҚ үзілген электр желілерін жөндеп жатыр. 

Алматы маңында бірқатар елді мекен жарықсыз қалды Фото: freepik

Күн райының нашарлауына байланысты кейбір елді мекендерде электр желілері жаппай үзіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, тиісті басқарма қалпына келтіру жұмыстарын қолға алды.

"Аудандар мен Қонаев қаласының әкімдіктері кезекшіліктер ұйымдастырып, "Алатау жарық компаниясы" АҚ энергия тасымалдаушы ұйымының барлық авариялық-қалпына келтіру жасақтары, күшейтілген режимде жұмыс істеуде", - деп хабарлады әкімдіктен.

Қазір "Алатау жарық компаниясы" АҚ үзілген электр желілерін жөндеп жатыр.

Жағдай тұрақты бақылауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу