Алматы маңында демалыс күндері неге тек "Алтын орда" базары жұмыс істейді?

1777

Алматы маңында орналасқан "Алтын Орда" базары қаладағы қатаңдатылған карантин режиміне қарамастан демалыс күндері де жұмыс істейді. Сенбі мен жексенбіде жаңа оқу жылына киім-кешек алуға барған адам қарасы көп болып, көлік кептелісі туындады. 

Алматы маңында демалыс күндері неге тек "Алтын орда" базары жұмыс істейді? Фото: informburo.kz

Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин аталған бизнес нысаны облыс аумағында орналасқанын атап өтті. Бұл ретте Алматы облысының санитарлық қызметі "карантин жағдайына қарамастан неге базар жұмыс істеп тұр?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыстың санитарлық -эпидемиологиялық бақылау департаменті Қазақстан Республикасының бас санитар дәрігерінің қаулысы негізінде "Ashyq көшбасшысы" мәртебесін алған "қызыл" аймақтағы бизнес субъектісі "сары" аймақ тәртібі бойынша қызметін жалғастыра алатынын хабарлады. 

"Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Ashyq жобасын іске асыру бойынша осы қаулыны басшылыққа алады және "сары" аймақтағы жобаға қатысушыларына қатысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқығы жоқ. Жоғарыда айтылған тармақтарға байланысты демалыс күндері Қарасай ауданында: AGRO LAND CO ЖШС, HOME MART ЖШС, MIAMI SPA ЖШС EMC PLUS ЖШС, FUNKY WORLD ЖШС және Altyn Orda QazTrade LTD ЖШС өз қызметін жүзеге асыра алады. Олар Ashyq жобасының "көшбасшылары", – деп түсіндірді Облыстың санитарлық -эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Құралай Құдайберген

Фото: Серикжан Маулетбай, facebook
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу