Алматы маңында ерлі-зайыптылар мефедрон өндірген

551

Қылмыстық өндіріс Алматы облысы Іле ауданындағы үйлердің бірінде орналасқан. 

Алматы маңында ерлі-зайыптылар мефедрон өндірген

"36 жастағы Ж.есімді азамат пен 29 жатсағы Ж. есімді азаматша ұсталды. Олар ерлі-зайыптылар болып шықты. Жалдамалы баспанасынан екі келіден астам ұнтақты зат, 7 литр сұйықтық құйылған шыны колба, канистрдегі 40 литрге жуық химиялық заттар, 7 келіге жуық ұнтақталған химиялық заттар, есірткіні сатушылардың синтетикалық есірткі – мефедрон жасау кезінде пайдаланған өсімдіктері бар түптері мен құралдары табылды. Іскер жұп нұсқаулықтарды интернет арқылы, ал шикізаттарды жасырылған орындардан алғанын айтты. Ұсталғандардың айтуынша, "жұмыс беруші" синтетикалық есірткінің әр келісі үшін 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беруге уәде еткен", – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Аталған дерек ҚР ҚК-ның 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Айғақты заттар тәркіленіп, сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Қылмыстық істі аумақтық бөлінісі бойынша Алматы облысы Іле ауданының Полиция басқармасы тергеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу