Алматы маңында қорғаныс бөгеттері салынады

1163

Мемлекет басшысы Алматыны сел тасқынынан қорғайтын бөгеттер құрылысын қаржыландыруды тапсырды. 

Алматы маңында қорғаныс бөгеттері салынады

"Алматы сейсмикалық аймақта орналасқанын ұмытпаңыздар. Қаланың жанында мұздық көлдер бар, олардың кейбіреулері қауіпті. Соңғы рет болған сел қала тұрғындарының есінде. Сондықтан бұл мәселе оларды толғандыратыны орынды. Алматыны толық селден қорғау үшін "Ақсай" мен "Аюсай" шатқалдарында бөгеттер салу керек. Мен үкіметке олардың құрылысын қаржыландыру мәселесін пысықтауды тапсырамын",– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы мегаполистің экологиялық ахуалына қатысты бірқатар мәселелер туралы сөз қозғады. Оның ішінде қоғамдық көліктерді газ немесе өзге экологиялық жанармайға ауыстыру туралы айтты.

Естеріңізге сала кетсек, 14 тамызда Алматының Наурызбай ауданында сел жүрген болатын. Жалпы мегаполис маңында 37 мореналық көл бар. Олардың 15-і сел тасқынын тудыруы мүмкін, әсіресе 8-і аса қауіпті деп саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу