Алматы маңында магнитудасы 3,7 балдық жер сілкінісі тіркелді

962

Алматыдан 181 км қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы. 

Алматы маңында магнитудасы 3,7 балдық жер сілкінісі тіркелді

ҚР БҒМ-ге қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін 4 сағат 38 минутта тіркеген.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 181 км қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан. 

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.5, магнитудасы MPV 3.7, бағыты 43.84 градус солтүстік ендік, 74.86 градус шығыс бойлық, тереңдігі 10 шақырым", - деп жазылды хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу