Алматы маңында өртенген қоқыс полигонының орнында саябақ болады

1246

Қазір полигон аумағында "жасыл белдеуді" отырғызуға арналған жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатыр.

Алматы маңында өртенген қоқыс полигонының орнында саябақ болады

Алматы маңында өртенген қоқыс полигонының орнында саябақ болады, деп хабарлайды "Қазақпарат".

"Бұл жерде саябақ болады. Қазір полигон аумағында "жасыл белдеуді" отырғызуға арналған жобалық-сметалық құжатты әзірлеп жатырмыз. Бірінші бұзылған жерлерді қалыпқа келтіреміз, құнарлы топырақ себеміз, содан кейін ағаштар мен бұталарды отырғызамыз. Осылайша халықтың өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасаймыз", - деді KAZ Waste Conversion ЖШС директоры Нұрлан Иманбеков.

Оның айтуынша, былтырғы жылы компания ағаштар отырғызып, олардың топыраққа сіңуін тексерген. Сынақ жақсы нәтиже берген. 

Өрт сөндіруге 97 арнайы техника мен 148 адам қатысып, 837 текше метр су жұмсалып, 2990 текше метр топырақ әкелінген. Оқиға болған жерде әкімдік, Алматы облысы мен қаласының ТЖД қызметкерлері, Алматы құтқару қызметі мамандары, Ұлттын ұлан, "Қазселқорғау" және "KAZ Waste Conversion" ЖШС қызметкерлері жұмыс істеді.

Еске салар болсақ, жұма күні аламатылықтар қаланы басқан түтін иісіне шағымданған болатын. ҚР ІІМ ТЖК 16 мамыр күні Аламаты облысының Қарасай ауданындағы Айтей ауылынан 7 шақырым жерде қоқыс полигоны өртенгенін хабарлаған болатын. Өрт сенбі күні сөндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу