Алматы маңында салынатын Алатау қаласы толықтай жеке инвестициялар есебінен салынады

116

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов "Президент Жолдауы: Қазақстан дамуының алдағы бағыттары" тақырыбында өткен отырыста Alatau City жобасына қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматы маңында салынатын Алатау қаласы толықтай жеке инвестициялар есебінен салынады Фото: canva

Оның айтуынша, жобаға қазірдің өзінде ірі инвесторлар үлкен қызығушылық танытып отыр.

– Шетелдік инвестициялар көлемінің азаюы жаһандық үрдіс. Бұл тек біздің өңірде емес, бүкіл әлемде байқалуда. Сондықтан Қазақстан күтуші позициясында бола алмайды. Ел ірі инвесторларды тарту үшін ерекше ұсыныстарға ие болуы керек. Солардың бірі Alatau City жобасы. Бұл дәстүрлі инвестиция тарту моделінен ерекшеленеді. Енді біз "Міне, дайын инфрақұрылымы бар, инвестицияға лайықты ерекше орта" деп ұсынып отырмыз. Бұл қала өзінің институционалды ортасын, артықшылықтарын, тіпті жеке юрисдикциясын қалыптастырады, – деді Жандос Шаймарданов.

Институт директоры Alatau City еліміздегі тұңғыш толықтай жеке инвестициялар есебінен бой көтеретін қала болатынын атап өтті.

– Тәуелсіздік алғаннан кейін Астана мен Түркістан бюджеттік инвестициялар арқылы дамыды. Ал Alatau City толықтай жеке инвесторлар есебінен салынатын болады. Бұл шектеулі қаржы жағдайында инвестиция тартуға таптырмас мүмкіндік, – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу