Алматы маңында украиналықтар есірткі зертханасын ашқан

483

Қазір барлық күдіктілер қамауда отыр.    

Алматы маңында украиналықтар есірткі зертханасын ашқан Фото: polisia.kz

Шетелдік азаматтар ұйымдастырған өндіріс ауқымы екі апта сайын 100 келіге дейін есірткі өндіруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Polisia.kz басылымының жазуынша, өткен жылдың соңында ІІМ ЕҚҚІД және Алматы облысы полиция департаментінің есірткімен күресуші полицейлері синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған шетел азаматтарын ұстады. Сол кезде алғашқы тәуліктің өзінде Алматы қаласына жақын елді мекендерде 2 жасырын өндірістің орналасқан жері анықтаған.

Cотқа дейінгі тергеу барысында Алматы тұрғынына тиесілі үй анықталды, онда қылмыскерлер есірткі синтезін жолға қоюды жоспарлаған. Үй өндіріске толығымен дайындалған: қабырғалар мен еден плиткамен төселген, желдету орнатылған, периметр бойынша кептіруге арналған сөрелер ілінген, бөлмелердің бірі фольга материалымен қапталған.

Есірткі өндірілетін прекурсорларды – химиялық заттарды сақтауға арналған мұздатқыш камералар жабдықталған. Бір циклде 50 келіге дейін өлімге әкелетін зат өндіретін химиялық реактор жасап орнатылған. Қылмыскерлер Алматы қаласының жеке секторында прекурсорлар қоймасына ыңғайлап жабдықтаған гаражды анықтады.

Сол жерде полицейлер есірткі зертханасына тасымалдауға дайындап қойған жалпы көлемі 700 литр болатын химикат құйылған 22 ірі ыдысты тәркіледі.

Ведомствода түсіндіргендей, ұйымдастырылған өндіріс ауқымы екі апта сайын 100 келіге дейін есірткі өндіруге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда. Аталған факті бойынша полицейлер жұмыс істеп тұрған екі зертхананы және өндіріске толық дайын бір зертхананы, прекурсорлар бар қойманы жойды. 84 келі синтетика және екі тоннадай прекурсор алынды.

Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК-нің 262-бабы “Ұйымдасқан топ құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу” және 297-бабы “Қылмыстық топпен аса ірі мөлшерде есірткі өткізу” бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Олардың мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу