Азаматтық авияцияның "Технам 2020" ұшағы құлап, екі адам қаза болды, деп хабарлайды ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті.
Алғашқы дерек бойынша, бүгін сағат 09.50-де оқу-жаттығу тапсырмасын орындап жүрген "Технам 2002" әуе кемесі Азем аэродромынан 2 шақырым жерге құлаған. Ұшақта болған ұшқыш-инструктор мен курсант қаза болды
Әуе кемесі Азаматтық авиация академиясына тиесілі.
Азем аэродромы Алматыдан 43 шақырым жерде орналасқан. Қазіргі уақытта ҚР инвестициялар және даму министрлігінің көлік оқиғалары және оқыс оқиғаларды тексеру департаменті тексеру жұмыстарын бастады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу