Алматы маңында ұшақ құлап, екі адам қаза тапты. Әуе кемесі Азаматтық авиация академиясына тиесілі болған. Қаза тапқандардың курсант пен оның инструктор екені анықталды.
Азаматтық авиация комитеті өкілдерінің мәліметінше, "Технам 2002" ұшағы бүгін сағат 09.53-те Азем аэродромынан 2 шақырым жерде оқу-жаттығу тапсырмасын орындау мақсатында көкке көтіріліп, кейін құлаған.
Қазіргі уақытта еліміздің Инвестиция және даму министрлігінің Көлік апаттарын тергеу департаменті оқыс жайтқа байланысты тергеу бастады. Апаттың салдары анықталғанша, осы маркадағы барлық ұшақтардың ұшуына тыйым салды.
Айта кетсек, дәл осы Алматы облысында өткен айда ғана ЯК-12 ұшағы құлап, онда да екі адам көз жұмған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу