Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді

1127

Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді

Бүгін Алматы қаласынан 442 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді. Алайда, жер дүмпуі Алматы қаласының тұрғындарына сезілген жоқ, деп хабарлайды baribar.kz.

ҚР білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің "Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы" мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 04 сағат 27 минутта жер сілкінісін тіркеді.

Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 442 км қашықтықта Қытай аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы – 10.1, тербелісі – 3.9, тереңдігі 15 км.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу