Алматы маңындағы бірқатар елді мекенге газ беру уақытша тоқтатылады

150

"QazaqGaz Aimaq" АҚ мәліметінше, 2024 жылдың 19 қарашасында ТЭЦ-3-ке дейін тартылып жатқан жаңа газ құбырын қосу жұмыстары жүргізіледі. 

Алматы маңындағы бірқатар елді мекенге газ беру уақытша тоқтатылады Фото: centralasia.media

ТЭЦ-3-ке жаңа газ құбырын қосу бойынша жұмыстар жүргізілуіне байланысты Алматы облысының бірқатар елді мекендеріне газ беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соған орай, Алматы облысы Іле ауданының келесі елдімекендеріндегі 4449 абонентке көгілдір отын беру уақытша тоқтатылады:

  • Көктерек ауылы
  • "Энергетик" саяжай-кооперативі
  • Байсерке ауылы
  • "Проектировщик" саяжай-кооперативі
  • "Надежда" саяжай-кооперативі.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аталмыш елдімекен тұрғындарынан:

  • жұмыстар аяқталғанға дейін газ шүмектерін жауып қоюды;
  • "QazaqGaz Aimaq" АҚ Алматы өндірістік филиалы мамандары іске қосу шараларын толық аяқтамайынша газ шүмектерін ашпауды сұрайды.

"QazaqGaz Aimaq" АҚ аталмыш жұмыстардың мегаполистің экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында ТЭЦ-3-тің табиғи газға көшірілуіне байланысты жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар екенін хабарлайды. Сұрақтарыңыз болса, 104 нөмірі бойынша газ қызметіне хабарласа аласыз. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және тұтынушылар тарапынан түсіністікке сенім артамыз. Барлық жұмыстар газ желілерін қауіпсіздікпен және тұрақтылықпен қамтамасыз етуге бағытталған", – делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу