Алматы мәслихатының депутаттары вакцина салдырды

909

VII сайланым депутаттарынан құралған бастамашы топ вакцина салуға алғашқылардың бірі болып ерік білдірді.

Алматы мәслихатының депутаттары вакцина салдырды

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары коронавирусқа қарсы екпе салдырды.  Бұл туралы мәслихат баспасөз хабарламасын таратты, деп жазады inbusiness.kz. 

Екпе Алматы қаласындағы №5 емханада салынды. Алматылық мәслихат депутаттары алдымен дәрігерлердің тексеруінен өтіп, қан талдамасын тапсырды. Екпе салдырғаннан кейін 30 минут бойы дәрігер бақылауында
болды.

Елімізде халықты жаппай вакциналау осы айдың басында басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу