Алматы маңында тағы жер сілкінді

118

Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 253 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы маңында тағы жер сілкінді Фото: canva.com

Жер сілкінісін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансалар желісі жұма, 16 мамыр, Астана уақытымен сағат 05:12-де тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстанда, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 253 шақырым жерде орналасқан.

Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеді.

Бұл ретте, Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, 6 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 05:12-де Шығыс Қазақстанда 1 шақырым тереңдікте магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі болды. Оның бастауы Ақсу қаласынан (Қытай) 164 шақырым және Алматы облысындағы Кеген ауылынан 70 шақырым жерде орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу