Алматы маңында жер сілкінді

119

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасқан.

Алматы маңында жер сілкінді Фото: canva.com

2025 жылғы 25 маусымда Астана уақытымен 08:53-те ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми-техникалық орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Эпицентрі 44,220° солтүстік ендік және 86,580° шығыс бойлық координаталарында орналасқан – Алматы қаласынан шамамен 789 шақырым солтүстік-шығыста.

Есептік деректер бойынша, жер сілкінісінің Қазақстан аумағында сезілуі тіркелген жоқ, халық пен инфрақұрылымға қауіп төніп тұрған жоқ.

Жағдай сейсмологтардың бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу