Алматы маңында жер сілкінді

82

Сейсмологтар Алматыдан 35 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы маңында жер сілкінді Фото: canva.com

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтының мәліметінше, 7 тамыз күні Астана уақытымен кешкі 19:03-те магнитудасы 3,1 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 35 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Қырғызстанның елді мекендерінде жер сілкінісі сезілмегені атап өтілді.

Еске сала кетейік, 5 тамыз күні кешке Шымкентте және Қазақстанның екі облысында жер сілкінісі тіркелді. Сол кезде жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 408 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында болған. Жер сілкінісінің магнитудасы 5,9 болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу