Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы мәлім етті.
Бұл ретте энцефалиттің зертханалық расталған түрі бір рет тіркелді.
Апта сайынғы мониторинг деректері бойынша, 2023 жылғы эпидемиялық маусымның басынан бері қаланың медициналық ұйымдарына кене шағумен 356 зардап шеккен, оның ішінде балалар – 187 (52,5%) жүгінген (2022 жылдың сәйкес кезеңімен 563 адам) жүгінген, балалар – 310 (55%) кене шағуынан зардап шеккендер саны былтырғыға қарағанда 1,5 есеге азайған.
"Кене шағуынан зардап шеккендердің барлығына кенеге қарсы иммуноглобулин енгізу арқылы жедел көмек дер кезінде көрсетіледі", – деді спикер.
Қасымхан Алпысбайұлының айтуынша, кене энцефалитінен қорғанудың ең тиімді әдісі – кене энцефалитіне қарсы вакцинация\екпе алу.
"Қалада екпелерді тұрғылықты жері бойынша (немесе тіркелген жері бойынша) қалалық емханаларда дәрігермен кеңескеннен кейін тегін алуға болады. Вакцинация курсы 1-7 ай аралығында жүргізіліп, 2 екпе алудан тұрады. Вакцинацияны жыл бойы, соның ішінде эпидемиялық маусымда жүргізуге болады. Бірінші және екінші егу арасындағы ең оңтайлы аралық 5-7 ай (күз-қыс айлары). Эпидемиологиялық маусымда кене энцефалитінің ошағына баруға екінші вакцинациядан кейін 2 аптадан кешіктірмей рұқсат етіледі", - деп түсіндірді ол.
Ревакцинация жылына бір рет вакцинация курсы аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Кейінгі ревакцинация қашықтан үш жылда бір рет жүргізіледі. Нұсқауларға сәйкес, кене энцефалитіне қарсы вакцина алу 3 жастан асқан балаларға және ересектерге ұсынылады.