Алматы мейрамханаларының бірінде атыс болды

105

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы мейрамханаларының бірінде атыс болды Фото: inbusiness.kz

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, қала мейрамханаларының бірінде өзара таныс ер адамдар арасында жанжал шығып, олардың бірі екіншісінің аяғына оқ атқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Травматикалық қаруды қолдану дерегі бойынша Алатау аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Жетісу облысының тумасы, 35 жастағы күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Травматикалық қару тәркіленді. Басқа да мән-жайлар анықталып жатыр", – деп хабарлады департаменттен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу