Алматы мектептерінде 19 мыңнан аса оқушыға орын тапшы

704

2021-2022 оқу жылының басында мектептерде тапшылық 33 мыңнан астам орынды құрады.

Алматы мектептерінде 19 мыңнан аса оқушыға орын тапшы

Бұл туралы ол Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаеван мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Алматыдағы орта білім беру саласы 300 мыңнан астам оқушы оқитын 298 мектепті қамтиды. Балабақшалардағыдай мектептерде де орын тапшылығы байқалады, бүгінде 19 мыңнан астам орын жетпейді. 2021-2022 оқу жылының басында мектептерде тапшылық 33 мыңнан астам орынды құрады. Орын тапшылығын кезең-кезеңмен төмендету мақсатында орта білім берудің 33 объектісі іске қосылды, олардың есебінен 15 719 жаңа оқушы орны құрылды. Оның ішінде 5 100 орынға арналған 3 мектеп (Қалқаман, Саялы, Томирис шағын аудандары); 7 963 орынды мектептерге 17 қосымша құрылыс (№№ 6, 34, 38, 43, 57, 60, 102, 117, 121, 132, 133, 144, 166, 170, 177, 186, 199). Жеке инвестициялар есебінен 2 656 орынды 13 жекеменшік мектеп ашылды", – деді спикер. 

Биылғы жылдың соңына дейін 13 820 орынды 18 орта білім беру нысанын іске қосу жоспарлануда. Олар Қалқаман-2, Қайрат, Дархан, Мәдениет, Нұркент шағын аудандарындағы 7 500 орынды 5 мектеп. №48, 191, 125, 146 мектептер, №9 МИ кеңейтіліп, соның есебінен қосымша 1270 орын пайда болады. Олар жеке инвестиция есебінен Бостандық және Наурызбай аудандарынан 1800 орынды екі ғимарат сатып алып, 3250 орынды 6 мектеп ашпақ.

Ләззат Жылқыбаева Алматыда қаланың сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидалары әзірленгенін, оның аясында көпқабатты тұрғын үй кешендерін салу кезінде халықтың болжамды тығыздығын ескере отырып, мектептерге қолжетімділікте міндетті түрде ескерілетінін еске салды.

"Бұл шаралар қала әкімдігіне құрылыс салушылармен 11 мектеп және 13 055 оқушы орнына арналған мектептерге 5 қосымша құрылыс салуға меморандум жасасуға мүмкіндік берді", – деп қорытындылады басқарма басшысы.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу