Алматы мектептерінде 30 мың орын жетіспейді

1398

2020-2021 жылдары мегаполисте 16 жаңа мектеп салынады.

Алматы мектептерінде 30 мың орын жетіспейді

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Әуезов ауданына барып, бала бақшалар мен мектептерде орын тапшылығы, абаттандыру және жұмыс орындарымен қамтамасыз ету жөніндегі шаралармен танысты.

"Әуезов ауданының тұрғындары көтерген ең өзекті мәселенің бірі – мектептердегі орын тапшылығы. Бүгінгі күні ауданның білім ордаларында оқушыларға 5365 орын жетіспейді. Бұл ретте 6 мыңға жуық адам тұратын Мамыр ықшамауданында 1200 орындық мектеп салынуда. Жаңа оқу жылында осы мектепті және Ақсай-3а ықшамауданындағы №123 мектеп жанындағы 400 орынды қосалқы нысанды пайдалануға беру жоспарланған. Бұдан бөлек биылғы жылы бес мектептің жанынан жалпы сыйымдылығы 3550 орындық қосалқы нысандардың құрылыстары басталады. Осылайша, Әуезов ауданында мектептердегі орын тапшылығы шешілмек", – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жалпы қала бойынша мектептерде 30 мың орын жетіспейді. Халықтың саны өсуіне байланысты келер оқу жылында бұл көрсеткіш екі есеге артатын болады. Сондықтан 2020-2021 жылдары 16 жаңа мектеп және 23 қосалқы нысан салу жоспарланған.

"Нысандар шамамен 47,5 мың оқшыға арналады. Яғни, оқушы орнының тапшылығы 80%-ға қысқарады", – деп хабарлады әкімдік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу