Алматы мектептерінде орын тапшы

Оған қаланың әр бөлігінде бой көтеріп жатқан жаңа тұрғын үйлер себеп.  

Алматы мектептерінде орын тапшы Фото: inbusiness.kz

Сондықтан келесі жылы мегаполисте жаңа мектептердің құрылысы жоспарланған. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесу барысында айтты.

"Жаппай құрылыс салдарынан Алматы мектептеріне жүктеме артты. Мектептегі орын тапшылығын азайту үшін жаңа жобалар қарастырылған. "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру аясында әкімдік 2000 орындық мектеп салу үшін жер телімдерін сатып алуды жоспарлаған. 2023 жылдың қыркүйегінде "РАМС Қазақстан" ЖШС 1100 орындық мектеп құрылысын аяқтайды, сонымен қатар желтоқсан айында 240 орындық 2 балабақша құрылысын бастайды", – деді әкім. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу