Алматы мектептеріне "Ashyq" енгізілді

1170

Бұл індет жұқтырған немесе онымен байланыста болған адамдарды оқшаулау үшін қарастырылған.  

 Алматы мектептеріне "Ashyq" енгізілді

Өңірлік коммукациялар алаңында өткен брифингте Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин оқушыларға дәстүрлі форматта оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Оқушылар дәстүрлі форматтағы білім алу жүйесіне қайтып оралу үшін қауіпсіз жағдай жасауымыз керек. Қазіргі кезде осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", - деді спикер. 

 Сонымен қатар Жандарбек Бекшин ең алдымен, мегаполистің барлық мектептеріне "Ashyq" жобасы енгізіліп жатқанын айтты. Бұл індет жұқтырған немесе онымен байланыста болған адамдарды оқу орындарына кіргізбеу үшін жасалады. 

"Қазіргі уақытта "Атамекен" аумақтық палатасының хабарлауынша, мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің 100% QR-код алды және 1 қыркүйектен бастап "Ashyq" бойынша жұмыс істеуге дайын", - деді Жандарбек Бекшин. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу