Алматы мен Астанада доллар 510-516 теңгеден саудаланып жатыр

138

Ұлттық банктің 10 ақпанға ұсынған ресми бағамы – бір долларға 511,18 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,28 теңге. Еуро – 530,60, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы мен Астанада доллар 510-516 теңгеден саудаланып жатыр Фото: freepik

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 515 теңге. Еуро 529,5-534,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 510 теңге, сатып алу құны – 516 теңге. Еуро 526 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,19-5,30 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 7 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,05 теңгеге төмендеп, 511,01 теңге болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу