Алматы мен Астанада доллар 514-518 теңгеден саудаланып жатыр

108

Ұлттық банктің 28 қаңтарға ұсынған ресми бағамы – 1 долларға 516,77 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,33 теңге. Еуро – 542,87.

Алматы мен Астанада доллар 514-518 теңгеден саудаланып жатыр Фото: inbusiness.kz

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 515,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 518,2 теңге. Еуро 541-545 теңге аралығында құбылып тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 514,8 теңге, сатып алу құны – 518,9 теңге. Еуро 539,6 теңгеден сатылып, 545 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,15-5,27 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 27 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,31 теңгеге төмендеп, 516,50 теңге болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу